2017 жылғы 3-ақпан
күні Златополье орта мектебінде Ашық есіктер күні және Бурабай ауданы білім
бөлімі Кеңесінің отырысы өткізілді.
Ашық есіктер күнінде ауданның білім
беру ұйымдарының басшылары үшін бағыттар бойынша мектеп жанындағы шағын
орталықта, бастауыш звенода, орта және жоғары звеноларда ашық сабақтар
өткізілді.
Кеңес отырысында келесі сұрақтар
қаралды: бөлімнің және ауданның білім беру ұйымдарының 2016 жылғы жұмыс
қорытындысы және 2017 жылға міндеттері туралы, аудандық білім бөлімінің 2017
жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы, аудан мектептерінде ҰБТ-ге
дайындық барысы туралы, 2016 жылға аудан
мектептерінің оқушылары арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмыс
жағдайы туралы, 2016 жылға білім беру ұйымдарында «Дарынды балалар»
кешенді-нысаналы бағдарламаны іске асыру туралы.