"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Математика мұғалімдеріне арналған семинар-практикум

13.02.2017

2017 жылғы 9-ақпан күні Щучинск қ. «№4 орта мектебі» ММ базасында Бурабай

ауданының физика-математикалық цикл мұғалімдеріне арналған «Жүйелі-қызмет

көзқарас негізінде сабаққа заманауи көзқарас» тақырыбына семинар-практикум

өткізілді.

Семинарға қатысушыларға құттықтау сөзімен мектеп директоры Б.К.Жусупова сөз

сөйледі. Семинардың практикалық бөлігінде  

5 «а» сыныпта «Ондық бөлшекті жазу және оқу» тақырыбы бойынша (мұғалім

А.Ш.Амандосова), 7 «а» сыныпта «Рационал бөлшекті қысқарту» тақырыбы бойынша

(Н.А.Нурмаганбетова) ашық сабақтар берілді. Сабақта оқушылардың жұмыс

белсенділігін ұйымдастыру үшін фронтальды, топтық, жұптық жұмысты үйлестіру

қолданылды. Оқушылардың еңбекке белсенділігі сабақ кезінде жеке тұлғаға

бағытталған көзқарасты, сауатты тандалған тапсырманы іске асыру есебінен

қамтамасыз етілді. Қызмет түрлерін жиі ауыстыру ұйымдастырылды, ол сабақтарды серпінді

қылуға мүмкіндік берді. Оқушылар жеткілікті белсенді, өз бетінше жұмыс

істейтіндігін айқындады, өз көзқарастарын дәлелдеді, өмірден амалдар келтірді. Сабақта

оқытудың мультимедиялық құралдары, Bilimland kz. инновациялық он-лайн ресурс

мақсатқа лайықты пайдаланды.

«Логикалық, шығармашылық тапсырмаларды шешу арқылы оқушылардың құзыреттілік

көзін қалыптастыру» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін Щучинск қ. №4 орта

мектебінің математика мұғалімі А.Ш.Амандосова ұсынды, «Пән олимпиадасына

оқушыларды дайындау» тақырыбымен С.Сейфуллин ат. ОМ математика, информатика

мұғалімі Г.К.Ошакбаева сөз сөйледі. Білім бөлімінің әдіскері А.А.Альмамбетова

мұғалімдерді физика-математика циклы пәндері бойынша қорытынды аттесттаттауға мектеп

бітірушілерді дайындау технологиясымен таныстырды. Аяғында семинар тақырыбы

бойынша әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 1252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст