Бурабай ауданы білім бөлімінің
ұйымдастыруымен 2017 жылдың 08 ақпанында
Щучинск қаласы «Арман»МТОТЖО орталығында
«Жарқын болашақ» атты мемлекеттiк тiл
аясын кеңейтуге бағытталған оқушылар арасындағы сегізінші қазақ тілінен бiлiм олимпиадасы өттi. Ауданның 7-11
сыныптарды қамтитын 22 мектебінен 90 оқушы осы олимпиаданың аудандық турына қатысты.
Оқушылар «Тiлшi-әдебиетшiлер», «Әншi-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз
шеберлерi» және «Жазушылар» сынды байқаулар бойынша мәнерлеп өлең оқудан,
шығарма жазудан, ән салудан, ғылыми жұмыс қорғаудан бәсекеге түсiп, бақ
сынасты. «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар» дегендей ,олимпиада барысында
шығармашылық ізденістері мен сөз шеберлігімен ,өнерпаздық қабілеттерімен ерекше
көзге түскен Шучинск қаласының № 9 МГ,
Шучинск қаласының №7 мектеп лицейі,Зеленобор
МГ,,Мәдениет ОМ, С.Сейфуллин ат. ОМ,Қарашілік ОМ,Мәдениет ОМ, Абылайхан атындағы
ОМ,Жасыл НМ және өзге ұлт өкілдерінің арасынан Шучинск қаласының №1, 8 МГ, №2 ,
Николаевка орта мектептерінің оқушылары
жүлделі орындарды иеленді. Олимпиада жеңімпаздары 15-16 ақпанда Көкшетау
қаласында өтетін облыстық «Жарқын
болашақ»олимпиадасына жолдама алды. Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!