Жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына деген адалдық сезімді қалыптастыру
және ату спортына қызығушылық дамыту үшін жалпы білім беретін мектептерінің
оқушылары арасында жыл сайын пневматикалық винтовкадан ату бойынша жарыстар
өткізіледі. Осы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына
арналған «Снайпер» облыстық жарыстары 2017 жылғы ақпанның 2-5 аралығында Жақсы
ауданының Жақсы қаласында өткізілді. Облыстың білім беру ұйымдарынан 12 команда
қатысты.
Ату бойынша облыстық
жарыстарда Бурабай ауданының командасын
С.Сейфуллин ат. орта мектебінің оқушылары таныстырды: Тайгара Айдана (АӘД
ұйымдастырушы-оқытушы Ч.Ш.Сатбаев),
сондай-ақ Щучинск қ. №1 МГ-ның, №4 ОМ-нің оқушылары: К.Селянин,
В.Оземская, В.Куралес (АӘД ұйымдастырушы-оқытушы К.Д.Дусембаев). А.Кудеринов
Кенесары ауылының К.Сатпаев ат. орта мектебінен (АӘД ұйымдастырушы-оқытушы
А.К.Ахметжанов).
Жарыс кезінде балалар
пневматикалық винтовкадан атуда өздерінің білімі мен біліктерін көрсетті және
жаттығудың төрт түрінде атуды орындады: ВП-1- тұрып ату – 20 рет ату, ВП-2 –
тізеде тұрып ату – 20 рет ату, ВП-3- екі жағдайда және тізеде тұрып ату – 40
рет ату, ВП-4 – тұрып ату – 40 рет ату. Әр жарысқа қатысушы 120 реттен атты.
Барлық төрт турда ату кезінде
максимальды сан жинап – 845 балл, С.Сейфуллин ат. орта мектебінің оқушысы
Тайгара Айдана көзге түсті.
Жалпы сынақта 1-орынды Бурабай ауданының командасы, 2-орынды Көкшетау
қаласының командасы, 3-орынды Еңбекшілдер ауданының командасы алды.
4-орынды Жақсы ауданының командасы, 5-орынды Есіл ауданының командасы,
6-орынды Жарқайын ауданының командасы, 7-орынды Егіндіккөл ауданының командасы,
8-орынды Ақкөл ауданының командасы, 9-орынды Атбасар ауданының командасы,
10-орынды Аршалы ауданының командасы, 11-орынды Зеренді ауданының командасы, 12-орынды
Целиноград ауданының командасы алды.
Жарысқа деген жоғары дайындық
және ұйымдастырушылық үшін Жақсы ауданының білім бөліміне алғыс айтқымыз
келеді.