"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Оқушылардың ғылыми зерттеу жобалары республикалық конкурсы

21.02.2017

2017 жылғы ақпанның 14-нен 17-не дейін Алматы қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсы өткізілді. Ғылыми жарыстың соңғы кезеңін «Дарын» РҒПО «Алатау» шипажайы базасында ұйымдастырды. Конкурсқа республиканың 14 облысы, Астана қаласынан, Алматы қаласынан, оның ішінде НЗМ 708 оқушысы қатысты.

Жас зерттеушілер 15 секцияда өзерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды. Оқушылардың жоба жұмыстарын республиканың ЖОО оқытушылары (профессорлар, кандидаттар, доценттер және докторлар) мүше болған құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Ақмола облысын 24 оқушыдан құрылған команда қорғады,  олардың ішінде Зеленобор МГ 11-сынып оқушысы Кан Елена, №1 МГ 11-сынып оқушысы Оразалина Мадина, Щучинск қ. №9 МГ 11-сынып оқушысы Оразбаева Арайлым, Щучинск қ. мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Кантарбаева Аружан.  Жарыс шиеленісте өтті. Ғылыми жобалар республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Кан Елена 3-орын алды, Кантарбаева Аружан «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.

Бос уақыттарында оқушылар «Медеу» мұз айдынына барды. Түнгі қалада экскурсия уақытында экскурсоводпен ілесе жүріп 28 панфиловтар саябағында, мәңгі отта, Республика алаңында болды, археологиялық мұражайға барды. Оқушылар ескі мектептердің біріне барды.

Алматы қаласындағы № 139 мектеп-гимназиясындағы мектеп мұражайына барып, оның тарихымен танысты.

Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст