2017 жылдың ақпан айының 15-16 күндері Көкшетау қаласындағы қазақ –түрік лицейінің базасында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы болып өтті. Ақмола облысының аудандарынан, Көкшетау және Астана қалаларынан келген 112 үміткер бес конкурс бойынша бақ сынасты: «Сөз шеберлері»,«Тілші-әдебиетшілер»,«Әнші-бұлбұлдар»,«Жазушылар» ,«Жас ғалымдар». Бурабай ауданының намысын қорғау үшін 5 оқушы қатысып, 5 бағыт бойынша білім, білік, өнер додасына түсіп, әділқазылар сынынан өтті. «Жазушылар» конкурсында әділқазылардың жоғары бағасына ие болған 10-сынып оқушысы Қайырбекова Зарима (Абылайхан атындағы ом) 1-орынды иемденді «Жас ғалымдар» конкурсында 10-сынып оқушысы Шаймуратова Анель (Зеленобор МГ), «Тілші-әдебиетшілер» конкурсында 10-сынып оқушысы Құдайбергенова Диана (Зеленобор МГ) 3 -орынды иемденіп, жүлдегерлер атанды.
Ана тілін терең меңгеріп, ұлттық қазынаны қастерлей білген, ауданның, мектептің, ұстаздарының мерейін өсірген талапты да талантты жастарымызға шығармашылық табыстар, ал сәуір айында республикалық байқауға жолдама алған 10-сынып оқушысы Қайырбекова Заримаға (Абылайхан атындағы ОМ) сәттілік тілейміз!