"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Жаңартылған білім беру жүйесіндегі критериалдық бағалау» дөңгелек үстел отырысы

27.02.2017

       23  ақпан 2017  жылы  Щучинск 

қ.  №3  ОМ «Жаңартылған  білім  беру 

жүйесіндегі  критериалдық  бағалау» атты  тақырыпта  «дөңгелек 

үстел»  отырысы  өтті. Отырысқа  критериалдық  бағалау 

бойынша  мектепішілік  үйлестірушілер  қатысты.

        «Дөңгелек  үстел» жұмысы  теориялық  және практикалық  тәртіпте  ұйымдастырылды:  Бастауыш 

сынып  мұғалімдері  Исенова Қ.Қ.,  Дедова  Е.К. практикада  формативтік 

бағалауды  қолдану  әдістемесін көрсетті, Щучинск  қ.  №3 

ОМ  директорының  оқу ісі  жөніндегі  орынбасары Абдилова  Б.М. 

шеберлік  сағатын  көрсетті, Щучинск  қ.  №1 

М/Г-ның  директорларының  орынбасарлары Тілемісова  Ш.Ө.,  Фалеева 

С.А.  «Критериалдық  бағалау-тиімді  оқыту» атты  тақырыпта  қатысушылармен   іскерлік 

ойын  өткізді. Отырыс  барысында төмендегідей  көкейтесті  сұрақтар 

бойынша  диалогтық  өзара пікір  алмасу  болды: 1-сынып  оқушыларының 

жұмыстарын  формативтік  бағалау ерекшеліктері,  портфолио-формативтік  бағалау  құралдарының 

бірі,  мектепте  суммативтік бағалау  үрдістерін  ұйымдастыру.

       Отырысқа  қатысушылар   критериалды бағалау  әдістерін  практикада 

қолдану,  жаңартылған  білім беру  мазмұны  жағдайында 

жетілдіру  жолдары  сұрақтарын белсенді  талқылады,  пікір 

алмасты,  жұмысты  практикада жақсарту  үшін  ұсыныстар жасады.

Просмотров: 578


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст