"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Аудандық конкурс «Педагогикалық үміт»

10.03.2017

Бурабай ауданы  білім  бөлімінің  әдістемелік  кабинеті  жылда дәстүрлі  «Педагогикалық  үміт» 

конкурсын  өткізеді.  3  наурыз  2017  жылы  Щучинск  қ.  «Арман»  МТОТЖО  базасында аталмыш  конкурс 

болды. 

      Жас  педагогтар- бұл  білім  беруді  дамытудың  басты  қоры болып  табылады.  Мектептегі жаңа  буын  мұғалімдері  қаншалықты  жаңа  идеялар  мен  құндылықтарды  әкелсе, соншалықты  еліміздің  болашағы 

жарқын  болады.  Жас педагогтардың  конкурсы  жас ұстаздардың  шығармашылық  әлеуетін 

ашу  және  өзінің кәсібінде тереңдікке  бойлау  үшін ерекше  кәсіптік  алаң 

болып  табылады.  Конкурстың сырттай  кезеңіне  он педагог  қатысты,  олардың  7-і  финалдық  кезеңінде 

өзара  күш  сынасты (Әбдіраман  Е.А.,  Щучинск қ.  №4  ОМ математика  мұғалімі,  Муканов А.А.,  Щучинск  қ. 

№3  ОМ  биология мұғалімі,  Мархмадова  Г.К., Қарашілік  ОМ  ағылшын тілі  мұғалімі, Нургужина  З.Б., Щучинск 

қ.  №8  М/Г тарих  мұғалімі,  Жолтабарова А.Д.,  Щучинск  қ. №9  М/Г  ағылшын тілі  мұғалімі,  Трихина Я.В.,  Щучинск  қ. жалпы  типтегі  мектеп-интернатының  орыс тілі  мұғалімі,  Султанова 

А.Е.,  Щучинск  қ.  №7  М/Л ағылшын  тілі  мұғалімі).

      Конкурс бірнеше  кезеңдерден  тұрды: сырттай  (эссе,  портфолио), іштей-презентация 

форматындағы  сабақ,  педагогикалық  идеяны  қорғау,  «Ойды  жалғастыр»  тақырыбындағы  импровизация. 

Конкурс  мәресінде  Щучинск  қ.  №4  ОМ болашағынан  зор  үміт  күттіретін  талантты  педагогы 

Әбдіраман  Ержан  Асқарбекұлы  жеңіске  жетті.

     Жас педагогқа  өзіндік  педагогикалық стилін  жасау,  педагогикалық шеберлікке  жету  үшін  уақыт  қажет. 

     «Педагогикалық  үміт»  кәсіптік  шеберлік конкурсы  өзіндік жағымды  жарыс,  қызығушылық атмосферасын  жасап  қана қоймай,  сонымен  қатар, жас  педагогтың  кәсіптік құзырлылығын  арттырудың  белсенді 

құралы  болып  табылады.   Аталмыш  конкурс  педагог жастарға  ауадай  қажет, өйткені  конкурсқа  дайындалу 

және  конкурстың  өзі шығармашылық  үрдіс  болып табылады.  Конкурсқа  дайындық кезінде  қатысушы    өз 

қызметіне  талдау  жасайды, педагогикалық іс-тәжірибесін,  құжаттарын  бір жүйеге  келтіреді,  өзінің 

кәсіптік  шеберлігін  жетілдіреді.

       «Педагогикалық  үміт» аудандық  конкурсы  біздің жас  педагогтардың  талантты екенін,  өз  істерін 

жан-тәнімен  сүйетінін  көрсетті. Конкурстың  қорытындысы  бойынша финалға  қатысушылар  сыйлықтармен 

марапатталды.

Просмотров: 634


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст