1. Қызметті берушілер туралы мәлімет:
1) Бурабай ауданының білім бөлімі
2) Ауданның 56 білім беру ұйымы (43 жалпы білім беретін мектеп, 11балабақша, 2 мектептен тыс ұйым).
Бурабай ауданының білім бөлімі 23 мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Білім бөлімі 2016 жылы 9560 мемлекеттік қызметтер көрсетті.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
ХҚКО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны – 8;
Тегін негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны – 23;
Қағаз түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны – 15;
Электрондық түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны – 5;
Бекітілген стандарттар – 18, регламенттер -15 саны;
3. Аса талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
1) Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру – 21
2) Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу – 32
3) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру – 83
4) Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру – 26
5) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 1674
6) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау – 1447
7) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 3257
8) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 16
9) Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 1145
10) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 297
11) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну – 1036
12) Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру – 76
13) Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру – 1
14) Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау – 25
15) Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру – 6
16) Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау – 6
17) Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою – 10
18) Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау – 5
19) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 36
20) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 3
21) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау – 18
22) Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау – 11
23) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау – 329
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Шағымданушы туралы мәлімет |
Шағым мәні |
Шағымды қарайтын және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау мерзімі |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжат № |
Қабылданған шешімдер |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |