"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Жылдың үздік оқушысы» аудандық конкурсы өтті

24.03.2017

2017 жылғы 14-наурыз күні Бурабай ауданының №2 ОМ-де аудан мектептерінің

5-10 сыныптардың үздік 17 оқушысын жинаған «Жылдың үздік оқушысы» конкурсы өтті.

Осы конкурс «Дарынды балалар» аудандық бағдарламасын іске асыру аясында

жоғары мотивті және дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің құрамды бөлігі

болып табылады. Конкурс сырттай және іштей кезеңдерден болды.

Конкурсанттар сырттай кезеңіне қатысушының анкетасын, қозғалыс

портфолиосын, «Болашақтағы менің мектебім» тақырыбына эссе ұсынды.

«Мен үздікпін» конкурсында қатысушылар шығармашылық түрінде өзі, өзінің

қоғамдық ісі, әуесі, қызығушылықтары туралы айтып берді.

«Менің шағын Отаным» блиц-сұрақта оқушыларға біздің өлкеміз – Бурабай

туралы сұрақтар қойылды. Өлкетану бойынша үздік білімді Ұрымқай ОМ-нің оқушысы

Баймаганова Мадина көрсетті.

Соңында барлық қатысушылар өздерінің хоббиларын демонстрациялады.

Қатысушылардың әр түрлі қызығушылықтарын көрсету үшін қаншама шығармашылық

көрсетілді. Осы конкурста қолдау тобы қатысты. Қызу күрес нәтижесінде

оқушылардың маңызды аудандық конкурстарының бірінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер

анықталды.

5-7 сыныптар жас санатында: І-орын №5 ОМ-нің 7-сынып оқушысы Амангельдинов

Мерейге берілді. ІІ-орынды №2 ОМ-нің 5-сынып оқушысы Пестерев Тимофей,

ІІІ-орынды Щучинск қ. №8 МГ-ның 5-сынып оқушысы Исламов Ильдар алды.

8-10 сыныптар жас санатында: І-орын Щучинск қ. №9 МГ-ның 10-сынып оқушысы

Бакытбек Акмаралға берілді. ІІ-орынды Веденов ОМ-нің 10-сынып оқушысы Аносов

Роман, ІІІ-орынды Ақылбай а. ОМ-нің 9-сынып оқушысы Карбущева Яна алды.

Гран-при және «2017 жылдың үздік оқушысы» атағы Ұрымқай ОМ-нің 10-сынып

оқушысы Баймаганова Мадинаға берілді.

Конкурс біздің ауданымызда қандай саналы, шығармашыл, мықты балалар бар

екенін тағы да көрсетті. Осындай жарысқа қатысу қатал қазылар алқасы алдында

сөз сөйлеу үшін алдын ала дайындықты талап етеді. Конкурсқа қатысушыларды

дайындаған педагогтар өздерін шығармашыл жағынан көрсетті.

Просмотров: 654


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст