"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Интерактивтік технологияларды пайдалану оқыту сапасын арттыру факторы ретінде» аудандық семинары

28.03.2017

Щучинск қаласы №6 орта мектебі базасында «Интерактивтік технологияларды

пайдалану оқыту сапасын арттыру факторы ретінде» аудандық семинар өтті.

Семинарды мектеп директоры Куанышбек Кабденович Шаяхметов ашты.

         Семинар тақырыбы №6 ОМ педагогтарының АКТ жинақтау тәжірибесін демонстрациялау мақсатында таңдалды.

         Семинарға аудан мектептерінің педагогтары шақырылды. Мұғалімдер А.У.Канапинамен (география),

Д.С.Бейсембаевамен (орыс тілі), С.М.Укпеновамен (биология), Т.Д.Быченкомен

(дінитану), Е.А.Дороговамен (ағылшын тілі), Ж.Ж.Курмангалиевамен (қазақ тілі)

ашық сабақтар берілді.

         Шығармашылық кештің екінші бөлігінде математика пәнінің мұғалімдері А.А.Астраханцева, А.О.Боранбаева «Ойлаймыз, қолданамыз, бағалаймыз» іскери ойын өткізді. Бейне материалдарды көргеннен

кейін педагогтарға сабақтар кезеңін бағалау критерияларын өз бетімен талқылау

және құрастыру ұсынылды. Семинарға қатысушылар төрт топта жұмыс істеді және

берілген тапсырмалар бойынша ұсыныстар өндеді.

         Жұмыс тәжірибесін математика пәнінің мұғалімі Т.В.Ефимова «Математика сабақтарында интерактивтік ресурстарды пайдалану» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Педагог оқу-тәрбиелік

үдерісте білім беру контенттерін пайдалануды демонстрациялады.

         Рефлексияда семинарға қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен ашық

сабақтардың терең мазмұндылығын, педагогтардың жоғары кәсіби шеберлігін,

білімін және сабақтарда оқушылардың белсенділігін атап өтті.  

Просмотров: 621


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст