2017 жылғы 29-наурыз күні «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығында Бурабай ауданы білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органы мамандарының, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, мектептердің әлеуметтік педагогтарының және ауданның медициналық мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен «Әлеуметтік жетімдікті алдын алу және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау кезінде қабылданатын шаралар» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Білім бөлімінің Алғыс хаттарымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы абыройлы еңбегі үшін білім беру жүйесінің қызметкерлері белгіленді.
Білім бөлімінің бас маманы А.А. Ташпенова кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша білім беру ұйымдары әкімшіліктерінің жұмысын күшейту қажеттілігі туралы сөз сөйледі. «Досов ат. ОМ әлеуметтік жетімдікті алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыс» тақырыбы бойынша баяндамамен Досов ат. ОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.П. Щербакова шықты. Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау бойынша әдіскер М.А. Жанботинова «Ата-аналарды құжаттандыру әлеуметтік берекесіздікті алдын алу» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау кезінде қабылданатын шаралар туралы түсініктеме, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша ұсыныстарды алды.