Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту
бағытында елімізде сан алуан іс-шаралар атқарылып отыр. Елбасымыздың жолдауында
«Елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген
мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып үйрету қуанышты»
Осыған орай Бурабай ауданының білім бөлімі №4 орта
мектебінің базасында ауданның өзге ұлт
өкілдері оқушылары арасында 4 номинация бойынша: «Әдеби көркем оқу», «Музыкалық
қонақжай», «Көркемдік-театрландырылған
қойылым», «Ұлттық қолданбалы өнер» қазақ тілінен шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Аталмыш конкурсқа ауданның 0-11 сыныптарының арасынан 260 оқушысы қатысты.
Оқушылардың білімін, тапқырлығын, мемлекеттік тілді білу
деңгейін аудан мектептері ұстаздарынан тұратын қазылар алқасы бағалады.
Бұл сайыстың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны
дамыту, әрі қазақ тілі бойынша ерекше
дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылатын бұл
байқау биыл ауданымызда бірінші рет өткізіліп отыр. Байқау оқушылардың қазақ
халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық
құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуына және
қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген.
Оқушылар бұл байқауда жоғары белсенділік танытып, тіл байлықтарының деңгейін көрсетті. «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар» дегендей ,олимпиада барысында шығармашылық ізденістері мен сөз шеберлігімен
,өнерпаздық қабілеттерімен ерекше көзге түскен Шучинск қаласының № 4 ОМ
,№8,9МГ, Шучинск қаласының ,Зеленобор МГ,Акылбай ОМ,Оқжетпес ОМ,Баянбай а.ОМ ,Ұрымқай ОМ,мектеп- интернаты,Сатпаев атындағы орта мектептерінің оқушылары жүлделі бірінші орындарды иеленді. Олимпиада жеңімпаздары 17-18 сәуір аралығында Көкшетау қаласында өтетін облыстық байқауға жолдама алды.
Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!