Щучинск
қаласы №1 Мектеп-гимназиясынның базасында
әдістемелік кеңес «Білім беру
мазмұнын жүйелі жаңарту
жағдайындағы әдістемелік қызметтің жаңа
тәсілдері» тақырыбы бойынша
өткізілді. Күн тәртібіндегі «Жаңа
білім беру стандарттарын
жүзеге асыру. Оқушылар
білімін бағалаудың критериалдық
жүйесі» тақырыбы бойынша
білім бөлімінің әдіскері
Марандина Е.Ю. және
Жасыл негізгі мектебінің
директорының орынбасары Жаканова
Г.Ж. өз ойларын
ортаға салды. Кеңесте 2017
жылы білім беру
ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау
сұрағы қарастырылды (Вотинова
Е.В., ӘК әдіскері,
Кабыкова А.Х., ӘК
әдіскері, Белоусова О.А.,
Оқжетпес ОМ-нің директорының орынбасары).
Щучинск қ. жалпы
типтегі мектеп-интернатының директорының
орынбасары Оспанова Г.С.
қор орталығының қызметі
туралы баяндап берді. «ЮСИМАС» Халықаралық
интеллектуалдық даму академиясының
өкілі Омарова Д.Т.
төменгі сынып оқушыларының
оқу жылдамдығын арттыру
жолдарына тоқталды. Сол сияқты,
әдістемелік кеңесте «Алдыңғы қатарлы
педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу,
жинақтау және тарату-білім
беру үрдісін әдістемелік
жағынан қамтамасыз ету» атты
сұрақ қарастырылды.
Кеңес жұмысының
қорытындысы бойынша ұсыныстар
жасалды.