2017 жылдың 27 наурызынан 30 наурызына дейін Астана қаласында «Жұлдыз»
балалар қоғамдық ұйым бірлестігінің «Бақытты жұлдыз астанда» бұқаралық ақпарат
құралдары балалар жәгне жастардың ХІІІ халықаралық медиа-фестивалі «Нұр Отан»
ХДП, Қазақстан Республикасының «Жас Отан» ЖК, Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің
қолдауымен «Балалар ақпараттық кеңістігі: кәсіптілік, шығармашылық, ресурстар»
тақырыбында өтті. Форму ұраны: «Біз Жер балаларымыз! Бізге жаңа әлемде өмір
сүру!». Медиа-фестиваль балалар және жастар бұқаралық ақпарат құралдарының әсер
ету саласын кеңейтуге, адамгершілік-рухани құндылықтарды, мәдениетті, азаматтық
өзін тануды және өскелең ұрпақтың төзімділігін қалыптастыруға, Ел басы
Н.А.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауындағы әлемдік
стандартқа сәйкес БАҚ кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.
Форумға 5 елден 20 команда
қатысты. Медиа-фестивальде Бурабай ауданын «Арман» МТОТЖО «Журналист» тәрбиелік
клубының өкілдері таныстырды. Медиа – фестивальдің ашылуына ҚР парламентінен,
жастар парламетінен, ҚР ЮНИСЕФ БҰҰ балалар қоры корпусынан қонақтар,
Л.Н.Гумилев ат. университет ректоры қатысты.
Фестиваль бағдарламасында:
форумға қатысушы – БАҚ көрме-презентациясы, жастар парламентімен кездесу, атақты
мемлекеттік қайраткерлердің, кәсіби қаламгерлердің қатысуымен брифинг, «Дөнгелек үстелдер» ,
баспа сөз конференциясы, экскурсия, шебер-сынып. Әр команда БАҚ ұсынылатын
презентация, қатысушылардың жұмыс көрмесін, нышандарды, «Таныстыру карточкасы»,
нақты істер туралы фото және бейне материалдар, хореографиялық нөмірлер
дайындады.
Жеңімпаздарға марапаттауларды
табыс ету қатысушылардың гала концертімен сүйемелденді. Форум қорытындысы
бойынша «Арман» интернет-газетінің аудандық баспа орталығы, «Журналист» және
«Жас журналист» клубтары екінші орын алды.