Щучинск қ. № 7 мектеп – лицейінің базасында «Оқушылардың ақпараттық және функциональдық
сауаттылығын дамыту» тақырыбына Бурабай ауданының мектеп кітапханашыларына
арналған семинар өтті. Семинарға қатысушылар
«Оқудың ойын формалары мен әдістері» бейне сабақ көрді. Мектеп
кітапханасында оқуды жылжыту мақсатында Оқжетпес ОМ-нің кітапханашысы
В.Ф.Шидловская кітаппен ойын әдісімен
жұмыс істеуді таныстырды: «Кітаптың атауын тап!», «Book Bingo», «Ұсталған
кітаптарды іздеу», «Кітапты тында және тап», «Кітап әлемді бағындырады». Досов
атынданы орта мектебінің кітапханашысы С.А.Андреева «Оқуды жылжытудың
инновациялық формалары мен әдістері» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Семинарды №4
ОМ-нің кітапханашысы Н.И.Седельникова -
«Графикалық органайзер - кітапханашының
заманауи ақпараттық құралы» тақырыбы бойынша жалғастырды.
Семинарда Бурабай ауданының мектеп кітапханашылары арасында «Жаңа кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті. Семинарға қатысушылар Акцияға белсенді қатысты, барлығы 157 кітап сыйланды, орыс
жазушылары А.С.Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Н.В.Гогольдің, И.А.Буниннің,
Ф.М.Достоевскийдің, Л.Н.Толстойдың, А.П.Чеховтың.