Бурабай ауданының білім бөлімі жыл сайын «Үздік педагог» конкурсын өткізеді. Осы жыл айрықша
болған жоқ. «Үздік педагог» - бұл мұғалімдердің педагогикалық кәсіби шеберлігі,
өзінің педагогикалық стилін көрсете алуы, дәстүрліде әдеттегіден өзгешені табу
алу жарысы. Осы жылы аудандық конкурсқа 18 өтінім берілген. Сырттай кезеңде қазылар алқасымен конкурсанттар портфолиосы бағаланды, екінші кезеңде мұғалімдер таныс емес сыныпта ашық сабақтар барысында
өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті. Конкурс барысында конкурсанттардың келесі
кәсіби маңызды сапалары анықталды: кәсіби құзыреттелік, оқыту әдісін игеру,
өзінің педагогикалық тәжірибесін жүйелеп білу және ұсыну.
Қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша Гран-при Щучинск қ. №4 ОМ-нің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Б.С.Кудабаеваға берілді. 1-орынды Ақылбай а. ОМ-нің орыс тілі мен әдебиет
пәндерінің мұғалімі Б.Т.Смагулова және Щучинск қ. «Ақбота» балабақшасының
тәрбиешісі Ж.А.Галимжанова алды. Біз конкурсанттарды кәсіби шеберлік конкурсында
алған тәжірибелерімен құттықтаймыз және әрі қарай шығармашылық табыс тілейміз.
Конкурстың облыстық кезеңінде Бурабай ауданын Гран-при иегері таныстырады.