"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері арасында облыстық шығармашылық байқау қорытындысы

24.05.2017

Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл

анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

Б.Момышұлы

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін білебілген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына  балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – анатілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, анна тіліміз – қазақ тілі.

Осыған орай Көкшетау қаласында № 3 ОДБАММИ-тың базасында  облыстық өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында

4 номинация бойынша: «Әдеби көркем оқу», «Музыкалық қонақжай»,  «Көркемдік-театрландырылған қойылым», «Ұлттық қолданбалы өнер» қазақ тілінен шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Байқауға облыстығы 0-11

сыныптар аралығындағы 174 оқушы қатысты. Қазақ тілі мәртебесін көтеру, тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ету, қазақ тілін оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді мақсат еткен облыстық байқаудың қорытындысы бойынша  қазылар алқасы 0 -11 сыныптардың арасында келесідей нәтиже шығарды:

I орын - Хомич Евгений, № 9 МГ

II орын - Умрыхина Галина, № 9 МГ

II орын - Ломакин Вячеслав, мектеп-интернат

II орын – Чаленко Дмитрий, Оқжетпес ОМ

II орын - Гасников Александр, мектеп-интернат

III орын - Зинченко Оксана, Қ.Сатпаев атындағы ОМ

 «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді.

Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст