1-маусым күні барлық білім беру ұйымдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өтті. Ауыл мектептерінде концерттер, тәтті үстелдер, экскурсиялар өткізілді.
Қалалық алаңда мереке «Қазақстан – біз сенің балаларыңбыз» шеруімен басталды, колоннада қала мектептерінің белсенді оқушылары шарлармен және тулармен өтті. Іс-шара 3 алаңда ұйымдастырылды. Әр бала өздерінің таланттарын көрсетті.
Спортты жақсы көретін балаларды «Көңілді старттар» конурсы күтіп тұрды, онда бастауыш сынып оқушылары төзімділікті, жылдамдықты және батылдықты көрсетті.
Үлкен балалар «Сиқырлы доңғалақ» велосипедистер конкурсына қатысты. Балалар велосипедті жүргізу шеберліктерін көрсетті. 1-орынды №1 МГ командасы алды, 2-орын №4 ОМ командасына, 3-орын №6 ОМ командасына берілді.
Қалалық саябақта «Қазына аралы» ойын бағдарламасы өтті. Бағдарламаға қатысушылар ойын ережесі бойынша әр түрлі тапсымаларды орындай отырып, қазына қоймасын іздеді. 1-орынды №1 МГ командасы, 2-орын №4 ОМ командасы, 3-орын №5 ОМ командасы алды.
Мерекенің ең басты әшекейі «Асфальттағы түрлі-түсті әлем» көркем флеш-моб болды, оған 250 бала қатысты. Бормен бір рет жүргізумен сұр алаң кемпір қосақ әлеміне айналды.
Балаларды нағыз тосың сый Сабын көпіршіктері Шоуы күтіп тұрды. Балалар өздері осы шоуға қатысқанына қуанды және таң қалды.
Сондай-ақ, әуеде ұшатын жыландар конкурсы, тоғыз құмалақ, дойбы және шахмат, қазақ күресі және еркін күрес бойынша спорт жарыстары өткізілді, осы спорт іс-шараларына 120 спортсмен қатысты.
«Жастар шығармашылығы-2017» көрмесі таланттылар үшін нағыз мереке болды. Көрмеге қатысушылар әр түрлі
жұмыстармен таң қалдырды. Көрме үш номинацияда берілді «техникалық шығармашылық», «қолданбалы-көрнекілік шығармашылық» және «бейнелеу өнері».
Педагогикалық колледжінің пеадгогикалық отряды, балалар өнер мектебі және «Арман» МТОТЖО балалар үшін ойын бағдарламасын ұйымдастырды.
Жеңімпаздар және конкурстарға қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.