"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Бурабай ауданы білім бөлімінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара

01.07.2017

2017 жылдың 30 маусымында Щучинск қ. №7

мектеп-лицейінің базасында  Бурабай ауданы білім бөлімінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараға Бурабай ауданының әкімі Қанат Серікұлы

Қараулов, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Малика Боранбайқызы Нұрпанова, Ақмола

облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Геогриевич Гамазов, Ақмола

облысының білім қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы Бейсембай

Қадірұлы Әбдірахманов, аудандық мәслихат хатшысы Өтелбай Тілеуұлы Бейсенов,

педагогикалық еңбек ардагерлері, ауылдық округ әкімдері, білім беру ұйымдарының

және ауданның ТЖКББҰ, дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.

Аудан әкімімен және шақырылған қонақтармен білім беру

жүйесінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі белгіленді.

Іс-шара барысында педагогикалық еңбек ардагерлеріне

сыйлық жиынтықтары табыс етілді. Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін «Арман» мектептен тыс

оқу-тәрбие жұмыс орталығының және Балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері

концерттік бағдарламаны ұсынды.

Просмотров: 648


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст