"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

31.07.2017

 2017 жылғы тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-на дейін бүкіл ел бойынша  «Мектепке жол» акциясы басталды. Акцияның мақсаты – тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларының балаларын, әлеуметтік паналардың тәрбиеленушілерін және жетім балаларды мектепке жинауға көмектесу.

        

Мектептердің деректері бойынша біздің ауданымызда 870 оқушы жаңа оқу жылына дайындау үшін көмекке мұқтаж, олардың ішінен 52- бірінші сыныпқа барушылар, оларға акция барысында  ерекше назар бөлінеді. Осындай әр балаға мектеп формасын, спорт киімін, аяқ киім сатып алуға  және мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етуге көмек көрсету қажет.

        

Акцияға бизнес-құрылымдар, шаруашылық субьектілер және мемлекеттік органдардың басшыларын бірінші кезекте қатысуға шақырамыз. Өзінің қайырымдылығын, азаматтық келбетін айқындай отырып, барлық тілек білдірушілер балаларға көмек көрсете алады.

         Ол үшін тікелей мектепке немесе аудандық білім бөліміне үндеу білдіру қажет. Анықтама телефоны 2-13-33.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст