«Патронат тәрбиешiлерге
берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы №210
және 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрықтарымен «Патронат тәрбиешiлерге
берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі–Портал) арқылы жүзеге асырылады. Қызметті беруші аудандық білім бөлімі болып табылады. Қызметті алушы электрондық цифрлық қолтанбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: бес жұмыс күн.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат
13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын
қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету
үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) нысан бойынша ақшалай қаражат төлеудітағайындау туралы өтініш;
2) баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтама;
3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың көшірмесі.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары
көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін
қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны
туралы қолхат береді:
1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған
көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болғанда) және оның байланыс телефондары.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым басшының атына беріледі. Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі
туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай
байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік
қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу
режимінде, порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 арқылы
алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс
телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің
интернет-ресурстарында орналастырылған.
А. Джагипарова,
Бурабай ауданы білім
бөлімінің бас маманы