«Баланы
(балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы №210
және 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрықтарымен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі–Портал) арқылы жүзеге асырылады. Қызметті беруші аудандық білім бөлімі болып табылады. Қызметті алушы электрондық цифрлық қолтанбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шешім және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны –электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын
қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік
қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1)патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтініш (еркін нысанда);
2)көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтініш;
4) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының)
келiсiмi;
5) егер некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының
(зайыбының) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы
Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес
ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып
тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан
бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы
туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
6) білімі туралы мәлімет.
Патронат тәрбиеуші болуға ниет бәлдәрген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын
зерделеу актісі көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған құжаттарды
ұсынғаннан кейін дайындалады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке
қабiлеті шектеулi деп тануы;
3)көрсетілетін қызметті алушыны соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана
құқықтарынан шектеуі;
4)көрсетілетін қызметті алушының өзіне Кодексте жүктелген мiндеттердi тиісінше
орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерін орындаудан шеттетiлуі;
5)соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жоюы;
6)көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайы бойынша қорғаншылық немесе
қамқоршылық мiндеттерді орындай алмауы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті
атқарушы органы басшысының атына
беріледі. Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы
ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс
орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету
тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде,
порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны арқылы алу мүмкіндігіне
ие. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz,
көрсетілетін қызметті берушінің www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында
орналастырылған.
А. Джагипарова,
Бурабай ауданы білім
бөлімінің бас маманы