"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс

13.10.2017

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап

латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Енді оны халық болып қолдауымыз қажет. Бұл – заман талабы.

       Ия,тарихқа көз жүгіртсек, біз 3 әліпбиді ауыстырыппыз. Сол кезеңде бүгінгідегідей газет-журнал, компьютер, тың технология деген болған жоқ. Соған қарамастан, халық басына түскен барлық қиындықты еңсеріп, Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Қуантарлығы, бүгінде бастауыш сыныптарда оқитын балаларымыз ағылшынша үйренуде. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймын. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды, себебі, бүгінде крииллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын ағылшын тілі басуда, өйткені ол өзінің қажеттілігін мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ, себебі бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жақын қазақ тұрады. Оның 80 % латын әліпбиін

қолданады. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшсек, сол қандастарымызбен  жақындаса түсеміз. 

Бүгінгі таңда латын тілі – ғылым мен техниканың тілі. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Біріншіден, латын әрпі бүкіл әлемнің қатынас белгісі болып отыр. Демек, дүниежүзі халқының 80%-ы қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға бір табан жақындатып, өркениетті елдермен байланысымызды жақсартып, экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық бетбедерін сақтап қалуға оң әсерін тигізеді. Екіншіден, түбі бір туыс түркі халықтарымен рухани-мәдени жақындасуының бірден-бір жолы. Олай дейтініміз, қашан да әріп ауыстырудың әлеуметтік маңызынан гөрі, саясилығы басым болып келген.

         Біз, қазақстандықтар көпшілік болып латын әліпбиін үйренуге, меңгеруге әзір екенімізді көрсетіп, осындай маңызды қадамға баруға ауызбіршілік танытқанымыз жөн деп ойлаймын.

Просмотров: 593


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст