Қазіргі қоғамда ерекше талқылауға ие болып жатқан түсініктердің бірі – «Рухани жаңғыру». Бүгінгі күні еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жыл басындағы халыққа жолдауында ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынған болатын.
Осы орайда, Елбасымыздың идеясын жүзеге асыру мақсатында аудан мектептерінде түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Атап айтатын болсақ, 2017 жылдың 16 азанында Бурабай ауданы Абылайхан атындағы орта мектебінің базасында өткізілген « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру «Ұлы дала елі» атты кеңейтілген аудандық іс- араны ерекше атап өтуге болады. Аталмыш іс-шараның бағдарламасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбы аясында сараптамалық кеңес отырысы өтті. Бұл кеңеске Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы, Ш.Уалиханов атындағы КМУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымының кандидаты, Төлегенов Жангелді Мейрамұлы, Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы, Хасенов Белгібай Қойшыбайұлы, ауыл ақсақалы, Алпысбаев Талғат Укубаев, Көкшетау қаласы №15 жалпы білім беретін негізгі мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Оспанов Жеңіс Серікұлы,аудандық «Бурабай» газетінің тілшісі қатысты.
Қатысушылар кеңесте «Туған жер – тұнған тарих», «Мәңгілік ел-рухани жаңғыру», «Рухани жаңғыру-болашаққа бастар жол», «Аталар жолымен, ағалар ізімен» атты тақырыптар бойынша ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар ,қонақтар мектеп мұражайында өткен «Рухани жаңғыру- ұлтың жаңғыруы» атты көрмені тамашалап,ауыл тарихының әр түрлі кезеңдеріне саяхат жасады.Аудан мектептерінің оқушылары «Бұл палата ауыл туризімін дамытуға тиімді механизмді ұсына алады»атты пікірсайыс алаңында өздерінің қызықты ойларын ортаға салды. «Этноауыл»тақырыбы бойынша салт-дәстүрлерден көрініс көрсетілді және қазақ күресінен «Абылайхан барысы» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды. Соңында көрермендердің назарына аудан мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен концерт өткізілді.Бұл мазмұнды іс-шара әр қатысушының жүрегінде өз еліне деген сүйіспеншілікті,т патриоттық сезімдерін берік орнатып, елдің болашағына деген жауапкершіліктерін шыңдата түсті.