"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Бурабай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос орынға орналасуға қайта конкурс жариялайды: «Бурабай ауданының білім бөлімінің Баянбай ауылының орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

07.11.2017

«Бурабай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос орынға орналасуға қайта конкурс жариялайды:

          «Бурабай ауданының білім бөлімінің Баянбай ауылының орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

         «Бурабай ауданының білім бөлімінің Баянбай ауылының орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Бурабай ауданы, Баянбай ауылы, Целинная көшесі 1 мекенжайында орналасқан, тел. 8(71636) 92-3-38, жалпы орта білім берудің білім беру қызметін жүзеге асырады. Оқыту тілі – қазақша, орысша.

         Біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық қызметтегі өтілі 5 жыл, оның ішінде басшылық қызметінде 1 жылдан кем емес.

         Білу

тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексті, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Бюджеттік Кодексті және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін белгілейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, психология және педагогика негізін, білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент,  қаржы-шаруашылық қызметтің негізін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелері мен нормаларды.

         Лауазымдық міндеттер: Білім беру ұйымының жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оның қызметіне басшылық етеді. Педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп білі берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жұмыстың  жоспарын, жұмыс жоспарын және бағдарламаларды бекітеді. Бекітілген учаске бойынша балаларды жалпы міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу- тәрбиелеу үрдісінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбиелеу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді.

         Мұғалімдер (педагогтар) ұйымының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі. Жалпы білім беру қызметіне құқық лицензиясына сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін құрайды, оқушыларды, тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.  тәрбиеленуші жетім

балалардың, ата-насының қамқорлығысыз қалған балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын (жеке, мүліктік, үй-жайлық, еңбек және басқа) қорғайды, оларға туысқандық байланысты ұстау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қолданады. Тәрбиеленуші мен оқытылатындарды күтіп бағу мен ұстау жағдайын белгіленген нормадан төмен емес деңгейде қамтамасыз етеді.  Оқу-білім беру үрдісі уақытында білім беру ұйымының қызметкерлері мен оқитылатындардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығының қауіпсізідігіне қажетті жағдай жасайды.

Оқушылардың денсаулығын қорғау және нығайту мақсатында тамақтандырумен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс пен бақылауды ұйымдастырады. заңнамада белгіленген шекте білім беру ұйымының мүлкі мен қаржысына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық құралдарының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын есеп береді.

         Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаны сақтау мен толықтыруды, есепке алуды қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігінің сақталуына жауап береді.

         Педагогикалық кадрларды және көмекші персоналды іріктеп алу мен орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штаттық кестені және қзыметкерлердің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді. белгіленген тәртіпте қызметкерлерді аттестациялауды жүргізеді. Өз құзыреті шегінде еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдер мен білім беру ұйымының

басқа қызметкерлерін ынталандыруға және наградаларға ұсынады, жаза қолданады.

         Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарда өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сінірген жылдарына қарай 107796  теңгеден 130670  теңгеге дейін.

         Конкурсқа қатысу үшін жалпы орта білі берудің мемлекеттік мекемесінің

басшысы лауазымына кандидаттардың қолдарында болуы тиіс:

         1. жоғары немесе жоғарғы оқу мекемесінен кейінгі білім (педагогикалық немесе бейін бойынша);

         2. және педагогикалық қызметтегі өтілі 5 жыл, оның ішінде басшылық қызметінде 1 жылдан кем емес;

         3. бірінші немесе жоғарғы біліктілік санатының болуы;

         4. облыстың білім басқармасымен кандидатураны келісудің болуы;

         5. Сотталмағандығы туралы анықтаманы

Конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат ұсыну қажет:

         1. еркін нысандағы өтініш;

          2. жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

          3. білімі туралы құжат көшірмесі;

          4. еңбек кітапшасының көшірмесі;

          5. фото суретімен қоса кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

           6. бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

           7. біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі;

           8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

           9. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы не

болмауы туралы анықтама.

         - Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелері нотариалды түрде немесе жұмыс орнының кадр қызметімен расталады.

         - Аталған құжаттардың бірінің болмауы Конкурсқа қатысушының құжаттарын кері қайтаруға негіз болып табылады.

         Құжаттар конкурс өткізу туралы  хабарландыру аудандық «Бурабай», «Луч» газеттерде соңғы жарияланған күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34, № 301 каб. мекенжай бойынша тапсырылу тиіс: Анықтама үшін телефон: 2-13-33, факс: 2-14-44.

         Осы лауазымға орналасқан адамға көтермеақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді.

           Бурабай ауданының білім бөлімі

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст