Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (әрі қарай - Қағида) 5-тармағын орындау мақсатында, Бурабай ауданының білім беру ұйымдарында Қамқоршылық Кеңес құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қамқоршылық Кеңес құрамы Кеңес мүшесіне үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптасады.
Қағиданың 7-тармағына сәйкес, Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері; коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қамқоршылық Кеңестің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымды жылдың 09 қарашасынан 16 қарашасына дейін
Қамқоршылық Кеңестер құрылатын Бурабай ауданының білім беру ұйымдарының тізімі қоса беріледі.
Білім бөлімінің бас маманы А. Ташпенова
871636-21333