Текст
Баланы отбасына алғысы келетін азаматтарға
Бұрынғы кезде сияқты бүгінгі күні де кейбірбалалар өздерін дүниеге әкелген адамдармен емес, басқа адамдармен тәрбиеленуде. Олар қамқоршылар, қорғаншылар, патронаттық тәрбиешілер және асыраушылар болып табылады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Бала асырап алуға, патронаттық тәрбиеге, қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Республика аймағында үнемі тұратын азаматтарды есепке алу қағидалары бекітілген болатын. Азаматтарды есепке алуды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргізеді.