Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру «Ұлы дала елі» атты
Первомай орта мектебінде өткізілген іс-шара есебі
Мақсаты: Туған жеріміздің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне
деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Міндеттері:
1. Жастардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру.
2. Қазақстандық патриотизмді және
белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.
Қатысушылар кеңесте «Мәңгілік ел-рухани жаңғыру», «Рухани жаңғыру-болашаққа бастар жол»,«Аталар жолымен, ағалар ізімен» атты тақырыптар бойынша ойларын ортаға салды. Ауылымыздың беделді
зейнеткер ұстазы мен еңбек ардагері келер ұрпаққа ізгі
тілек пен батасын беріп,қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі «Тұсау кесу» рәсімі өткізілді. Іс-шараның екінші
бөлімінде келген қонақтартары мектеп мұражаймен танысып кейін шағын «Өнерлі – өрге жүзер» атты мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.
Бағдарламаның келесі бөлімінде «Ұлт – рухының асқақтауы» атты тәрбие
сағаты өз деңгейінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар «Бұл палата ҚР- ның жастарының патриоттық сезімін
нығайтудың нәтижелі механизмін ұсына алады» тақырыбында “Жігер” тобы дебат ұйымдастырды.
Мерекелік бас қосудың соңы мектеп спорт залында баскетболдан,
волейболдан, тоғызқұмалақтан, шахматтан Златополье, Веденовка және Первомай орта мектептері арасында жарыстар өз жалғасын тапты. Бұл мазмұнды іс-шара әр қатысушының жүрегінде өз еліне
деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімдерін берік орнатып, елдің болашағына
деген жауапкершіліктерін шыңдата түсті деген ойдамыз.