"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға және білім беру процесінде АКТ-ны қолдануға арналған облыстық жиналыс

21.11.2017

2017 жылдың 16 қарашасында Көкшетау қаласы білім басқармасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, АҚТ-ны қолдану тақырыптарына байланысты облыстық жиналыс өткізілді.

Жиналысқа қатысушыларды алғы сөзбен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы қарсы алды.

Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылық жұмыстарының анализі туралы Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі Қосмани Еркеш Таубаевна сөз сөйледі.

"Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" жайында Ақмола облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Мұсаев Руслан Смаилұлы айтты.

Жиналыстың екінші бөлімінде "Білім беру процесінде АКТ-ны қолдану" сұрақтары жайында айтылды. Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Кадыров Б.А., жаңа технологиялар орталығының директор орынбасары Кульниязов Р.С., жаңа технологиялар орталығының әдіскері Мухамеджанова С.М., жаңа технологиялар орталығының мектеп бөлімінің меңгерушісі Сейпиева С.М. ортаға өз сұрақтары бойынша баяндама жасады.

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст