Педагогтың зерттеу ұстанымының қалыптасуы бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Бүгін дүние жүзінің білім беру саласындағыдай, қазақстандық мектептің алдында зерттеулер мен жаңалық ашудың «алтын ғасырына ену үшін білім берудегі жаңа тәсілдерді анықтау, ойлау, оқыту, жұмыс, жалпы шығармашылық методологиясын ой елегінен өткізуді анықтау міндеттері тұр. 12 жылдық білім берудің парадигмасына сәйкес мектеп алдында, кез-келген уақытта пайда болған проблемаларды шешуге қабілетті, алған білімін өзгерген жағдайда пайдалана білетін шығармашыл, құзырлы тұлғаны тәрбиелеу
міндеті тұр. Дәстүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалану тұлғаның дамуында жоғарыда аталған жетістіктерге жетуге мүмкіндік бермейді.
Мектепте көптеген жылдар бойы жұмыс істеген мұғалімдер оқытудың сансыз әдістері мен формаларының уақыт ағымында келіп, кеткенін біледі. Жаңа уақыт біздің алдымызда жаңа шешімдерді іздеуді талап ететін жаңа міндеттерді қойып отыр.