Аудандық
әдістемелік кеңес отырысы
30 қараша күні Щучинск қ. №4 ОМ базасында «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім беру ортасының моделін жасау бойынша мектептің әдістемелік қызметінің жұмысы» атты тақырыпта аудандық әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Бұл тақырып бойынша білім бөлімінің әдіскері Вотинова Е. В. баяндама жасады. Білім беру ұйымдарында критериалды бағалау жүйесін енгізу тәжірибесімен Баймаханов М.А., Зеленобор М/Г
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Губченко Н.А., Щучинск қ. №8 М/Г директорының орынбасары
таныстырды.
«Күнделік» БАЖ BilimLand білім беру контентін қолдану, білім беру ұйымдарының сайттарының белсенділіктері туралы білім бөлімінің әдіскері Кусаинбекова Ж.М. ақпарат берді. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім беру ортасының моделін
жасау бойынша мектептің әдістемелік қызметінің жұмысының рөлі туралы хабарламаны
Щучинск қ. №7 М/Л директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сураганов Д.Ч. хабарлама жасады.
Қазақстан Республикасы президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы
бойынша Щучинск қ. №5 ОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кульжаманова М.Е. жүзеге асырылатын іс-шараларға тоқталды.
Білім бөлімінің әдіскерлері кеңестің қатысушыларына әдістемелік кеңестің тақырыбы бойынша ұсыныстар
дайындап, таратты.