Текст
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Бурабай ауданында Қазақстан Републикасының Тәуелсiздiк күнiне орай және атақты бүркiтшi Мәсiп Батырханұлын еске алуға арналған «Қансонар — 2017» бүркiтшiлердiң халықаралық турнирi өттi. Дүбiрлi доданың шымылдығын аудандық мәдениет Үйiнiң «Асыл әжелер» вокалдық тобы қазақтың салты шашумен ашып, әншiлер халық әндерiн орындады. Аталған турнирдiң қорытындысы бойынша Ақмолалық Қанат Жүлембаев байрақты бәсекенiң бас жүлдесiн жеңiп алды. Ал басқа жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берiлдi.