"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

13.12.2017

     Оқушылардың аудандық олимпиадасы.

         2017 жылдың 7-8 желтоқсан күндері Щучинск қаласының №2 орта мектебінде аудандық пән олимпиадасы өткізілді, оған 28 орта және 6 негізгі мектептен 380 қатысушы қатысты.  Бұл, өтіп кеткен мектеп турының жалғасы, оның қатысушылары 14 мектеп пәні бойынша 8-11 сыныптардың 2130 оқушысы болды. Мектептегі турында 519 оқушы жеңімпаз болды.

Аудандық олимпиаданың қорытындысы бойынша 106 жүлделі орын берілді, оның ішінде 1-орын – 28, 2-орын – 32, 3-орын - 46.

Командалық есепте 1-орынды Щучинск қ. №1 МГ, екінші орынды Щучинск қ. №7 МЛ алды, Зеленобор МГ үшінші орынға ие болды.  

Қазақ тілі бойынша Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының, №7 мектеп-лицейінің және Атамекен ауылы орта мектебінің оқушылары алда болды.

Орыс тілі бойынша Зеленобор және №1 мектеп-гимназияларының, Оқжетпес орта мектебінің оқушылары үздік болды.

Сондай-ақ, барлық мектептерде гуманитарлық бағыт пәндері бойынша оқушылардың жақсы дайындығын атап өту қажет.

Мектеп олимпиадасын өткізу ережесіне сәйкес облыстық турға аудандық турда 1,2-орындар алған 24 оқушы қатысады. Олимпиаданың облыстық туры 2018 жылдың қаңтар

айында өткізіледі.

                  Т.Фёдорова            әдістемелік кабинеттің әдіскері     



 

 

 

 

 

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст