Бурабай ауданының оқушылары 2018 жылғы пәндік олимпиададан
нәтижелі оралды.
2018 жылдың қаңтарының 4-7 аралығында Көкшетау қаласында жалпы білім беру пәндерінен олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиадаға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан және дарынды балалар үшін 4 облыстық арнайы мектептерден 398 оқушы қатысты, облыстық олимпиадаға қатысушылар-олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары болып табылады.
Оқушылардың жұмыстарын бағалауда құзыреттілік тәсілді қамтамасыз ету және тәуелсіз
бағалау үшін қазылар алқасының мүшелері ретінде Ш. Уалиханов атындағы университеттің оқытушылары шақырылды.
Олимпиадада Бурабай ауданының намысын құрамына Щучинск қ. №1 М/Г, №7 М/Л, №9 М/Г, Зеленобор М/Г, Щучинск қ. №4, №6 ОМ, Баянбай а. ОМ, Златополье ОМ, Мәдениет ОМ, Оқжетпес ОМ, Абылайхан атындағы ОМ 24 оқушы қорғады.
Оқушылар білімдерін жаратылыстану-математика циклының-математика, физика, ИЕТН, география, химия және биология пәндері, сол сияқты, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, құқықтану пәндері
бойынша білімдерін сынады. Қатысу қорытындысы бойынша Бурабай ауданының оқушылары 3 жалпы командалық орынға ие болды (1 орынды ҚТЛ иемденсе, Көкшетау қ. оқушылары 2 орынға көтерілді).
Ауданымызда 12 жүлделі орын бар, бұл жалпы қатысушыларымыздың 50%
құрайды. Облыстық олимпиада жеңімпаздарының қатарында Щучинск қ. №9 М/Г-нан Несіпбай Асқар, Жакиева Айнұр, Дандыбаева Жанна, Зеленобор М/Г-нан Черемухина Мария және Короткова Мадина, Щучинск қ. №1 М/Г-нан Костюкова Валерия және Шубина Валерия, Абылайхан атындағы ОМ-нен Каирбекова Зарема, Щучинск қ. №7 М/Л –нен Өтелбаева Айғаным, Атамекен а. ОМ –нен Ербол Жанар бар.
Білім бөлімі облыстық олимпиаданың жеңімпаздарын және олардың ұстаздарын жеңістерімен құттықтайды.
Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары республикалық олимпиадаға қатыса алады.
Т.П. Федорова, әдістемелік кабинеттің әдіскері