«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты
Президент Жолдауын педагогтар мен оқушылардың талдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жылдағы халыққа арнаған
Жолдауы сөзсіз еліміздегі басты саяси оқиға болып табылады, онда мемлекет басшысы еліміздің, жалпы, қазақстандық қоғамның дамуының басты бағыттарына тоқталады. Республика азаматтарының Жолдауға деген қызығушылықтары өте жоғары.
Елбасы Қазақстанға беріліп отырған мүмкіндіктерге және дүние жүзінің 30 ең дамыған елдер қатарына
қосылу мүмкіндігіне назар аударды. «Ал бұл үшін елімізге жоғары білімді, құзыретті, бәсекеге қабілетті азаматтар қажет».
Президент Жолдауда 2018 жылы барлық мемлекеттік құрылымдар жұмыс істейтін 10 басты міндеттерді белгіледі.
12 қаңтар 2018 жылы Бурабай ауданының барлық білім беру ұйымдарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдаудың бірыңғай күні өтті.
Талдау білім бөлімінде, ауданның 43 жалпы білім беру мектебінде, мектептен тыс және мектеп жасына дейінгі мекемелердің педагогикалық және оқушылар ұжымдарында өткізілді. Талдау формалары әр
түрлі: конференциялар, дөңгелек үстелдер, кеңестер, жұмыс жиналыстары, оқушылар үшін-сынып
сағаттары, мектеп линейкалары, баяндамалар оқу. Барлығы аудан білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлерінің 2000, мектеп оқушыларының 4850 қамтылды.
Сөйлеушілер Жолдаудың басты аспектілерін түсіндірді. Олар білім саласына, адам құқығына, әлеуметтік салаға қатысты мәселелерге, ғылым және сандық технология саласына, білім беру сапасын арттыруға және жаңашыл идеялары бар педагогтарға жалақыны өсіруге толық тоқталды. Сонымен қатар, Жолдаудың 10 бағыты бойынша әрқайсысы өз ойларын білдірді. Талдауды қорытындылай отырып, мұғалімдер мен оқушылар құжатты бір кісідей мақұлдады-«Жолдауда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған экономика, білім беру, әлеуметтік салаларда кезек күттірмейтін және тиімді қадамдар бойынша нақты тапсырмалар бар.Осының барлығы еңбек өнімділігін арттыруға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың әл-ауқатының өсуіне оң ықпал ететіні сөзсіз».
Федорова Т. П., ББ әдіскері