"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Зерде» ғылыми жобалар конкурсы республикалық жарыстарына Бурабай ауданының білім алушыларының жеңісі

02.02.2018

«Зерде» ғылыми жобалар конкурсы республикалық жарыстарына

Бурабай ауданының білім алушыларының жеңісі

 

         2018 жылдың 29-31 қаңтарында«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері базасында «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңі өтті.

         «Зерде» зерттеу жобалары республикалық конкурсына Республиканың 1-7-сыныптарының оқушыларынан 465 жас зерттеуші қатысты. Жеке және командалық жобалар ұсынылды. Конкурс екі жас санаты бойынша өтті: бастауыш мектеп оқушылары және 5-7-сыныптарының оқушылары. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша өткізілді.

         Ақмола облысынан 19 оқушы –Атбасар ауданынан -1, Бұланды – 2, Зеренді-1, Бурабай-5, Көкшетау -10 оқушы.

         Бурабай ауданынан конкурсқа Щучинск қ. №3 ОМ, №9 МГ, Ұрымқай ОМ, Наурызбай батыр ат. ОМ оқушылары қатысты.

         Конкурс қорытындысы бойынша Бурабай ауданының барлық оқушылары жеңімпаздар және жүлдегерлер атанды: физика-техника секциясында Щучинск қ. №3 ОМ-нің 4-сынып оқушысы Пархоменко Даниил бірінші орын алды.

         Өлкетану және тіл білімі секциясында екінші орындарды Щучинск қ. №9 МГ-ның 4-сынып оқушысы Рахимов Шернияз, Ұрымқай ОМ-нің 7-сынып оқушысы Байгабулова Айдана алды.

             Тіл білімі секциясында командалық жобада үшінші орындарды Наурызбай батыр а. ОМ-нің 5-сынып оқушылары Збасова Карина және Веремей Амир алды.

         Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының БҒМ «Дарын» сертификаттарын алды.

 

Просмотров: 463

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст