«Зерде» ғылыми жобалар конкурсы республикалық жарыстарына
Бурабай ауданының білім алушыларының жеңісі
2018 жылдың 29-31 қаңтарында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагері базасында «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңі өтті.
«Зерде» зерттеу жобалары республикалық конкурсына Республиканың 1-7-сыныптарының оқушыларынан 465 жас зерттеуші қатысты. Жеке және командалық жобалар ұсынылды. Конкурс екі жас санаты бойынша өтті: бастауыш мектеп оқушылары және 5-7-сыныптарының оқушылары. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша өткізілді.
Ақмола облысынан 19 оқушы – Атбасар ауданынан -1, Бұланды – 2, Зеренді-1, Бурабай-5, Көкшетау -10 оқушы.
Бурабай ауданынан конкурсқа Щучинск қ. №3 ОМ, №9 МГ, Ұрымқай ОМ, Наурызбай батыр ат. ОМ оқушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойыншаБурабай ауданының барлық оқушылары жеңімпаздар және жүлдегерлер атанды: физика-техника секциясында Щучинск қ. №3 ОМ-нің 4-сынып оқушысы Пархоменко Даниил бірінші орын алды.
Өлкетану және тіл білімі секциясында екінші орындарды Щучинск қ. №9 МГ-ның 4-сынып оқушысы Рахимов Шернияз, Ұрымқай ОМ-нің 7-сынып оқушысы Байгабулова Айдана алды.
Тіл білімі секциясында командалық жобада үшінші орындарды Наурызбай батыр а. ОМ-нің 5-сынып оқушылары Збасова Карина және Веремей Амир алды.
Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының БҒМ «Дарын» сертификаттарын алды.