"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

02.02.2018

«Боялар құпиясы» өнер күні

           ҚР Президенті – Ұлт Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын қолдауға аудандық іс-шаралар аясында «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығында «Бояулар құпиясы» өнер күні өтті.

         Өнер күнінің қатысушылары білім беру ұйымдарының өнер студияларының оқушылары және бейнелеу өнері бойынша педагогтар болды.

         Қонақтар және тәлімгерлер суретші – педагогтар, Бурабай ауданының суретшілер Одағының мүшелері, Кырыкбесов Юсуф Жагипарович – суретші – педагог, «Әлем халықтарының өнері» Ассоциациясының Щучинск филиалының Вице президенті, «Никор» галереясының өнертанушысы, «Богема» көркем-әдебиет журналының редакция газетінің мүшесі, Чередниченко Николай Семенович – «Арман» орталығының педагогикалық еңбек

ардагері, Цыгвинцева Елена Валерьевна – БӨМ бейнелеу өнерінің педагогы, Климова Ольга Олеговна – Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі, «Арман» бейнелеу өнері орталығының оқытушысы.

         Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты – педагогикалық еңбек ардагерлері Б.Б.Касенова – мұражай жетекшісі,

Ф.Р.Рыгина – Бейнелеу өнері студиясының педагогы, А.Ю.Назарьева – тарихи-өлкетану мұражайының экскурсоводы, аудандық БАҚ қатысты.

         Суретшілердің шебер – сыныптарына қатысушылардың суреттерінің көрмелері ұйымдастырылды. Педагогтардың әр шебер – сыныбы өте шығармашыл өтті, балалар қызығып және ұнатып жұмыс істеді. Шығармашылық кешке барлық қатысушылар үйлеріне жылу мен шығармашылықтың бір бөлігін алып кетті.

         Шебер-сыныпты өткізгеннен кейін диалог алаңы болды, онда өнер бойынша сұрақтар талқыланды, қонақтар оқушыларға қызықты сұрақтарға жауап берді.        

Т.Федорова                         білім бөлімінің әдіскері

 

Просмотров: 518

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст