«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес қоғамы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 650 бұйрықтарымен бекітілген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-126 бабтарының негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі
–қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы анықтама.
Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) минут. Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі (жеке
басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.