Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы шеңберінде Бурабай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 8 ақпанында Щучинск қаласы «Арман»МТОТЖО орталығында «Жарқын болашақ» атты мемлекеттiк тiл аясын кеңейтуге бағытталған оқушылар арасындағы оныншы бiлiм олимпиадасы өттi. Ауданның 7-11 сыныптарды қамтитын 28 мектебінен 120 оқушы осы олимпиаданың аудандық турына қатысты. Оқушылар «Тiлшi-әдебиетшiлер», «Әншi-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлерi» және «Жазушылар» сынды байқаулар бойынша мәнерлеп өлең оқудан, шығарма жазудан, ән салудан, ғылыми жұмыс қорғаудан бәсекеге түсiп, бақ сынасты. «Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар» дегендей ,осы олимпиада барысында шығармашылық ізденістері мен сөз шеберлігімен ,өнерпаздық қабілеттерімен ерекше көзге түскен Шучинск қаласының № 7 мектеп –лицейі,№9 МГ, №5 ОМ, Зеленобор МГ,Абылайхан атындағы ОМ, Атамекен а.ОМ, Қарабұлақ НМ,№6 ОМ,Қарашілік ОМ, С.Сейфуллин ат. ОМ, Кіндікқарағай НМ және өзге ұлт өкілдерінің арасынан Шучинск қаласының №1,8 МГ, №2,3,6 ОМ, Ақылбай а.орта мектептерінің оқушылары жүлделі орындарды иеленді.Олимпиада жеңімпаздары 2018 жылдың 21-23 ақпанда Көкшетау қаласында өтетін облыстық «Жарқын болашақ»олимпиадасына жолдама алды.Жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!