«Критериалды бағалау-білім сапасын таразылаудың инновациялық үлгісі» атты
аудандық семинар
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім мен шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындау. Былтырғы оқу жылынан бастап педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде. Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі, білім жетістіктерін бағалауға негізделген үрдіс. Бүгінгі таңда осы үрдіс өте өз деңгейіне жетіп келе жатыр.
Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Міне осы орайда №7 мектеп-лицейінде
«Критериалды бағалау-білім сапасын таразылаудың инновациялық үлгісі» атты аудандық семинар өтті. Семинар барысында шығармашыл ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.