Инновация сабақта
Бурабай кентіндегі С.Сейфуллин атындағы ОМ базасында «LESSON STUDY- мұғалімнің практика саласындағы білімін жетілдіретін педагогикалық амал» шебер-сынып өткізілді. Бурабай кентіндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектебі төртінші жыл бойы оқу үдерісіне Lesson Study енгізу бойынша облыстық экспериментке қатысады. Іс-шараның мақсаты: эксперименталдық алаң жұмысының аралық нәтижелерін көрсету. Семинарды мектеп директоры -Шлейнингер Эльвира Владимировна ашты, ол іс-шараның көкейкесті және маңыздылығын атап өтті, семинарға қатысушыларға жемісті, табысты еңбек тіледі. Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдері мектепте өтіп жатқан ЖМЦ апталығын флешмоб-қорғауды демонстрациялады. Семинар екі бөліктен тұрды: ашық сабақтар
және коучинг. Ашық сабақтарды ағылшын тілі мұғалімі З.К.Шаймерденова, бастауыш сынып мұғалімі Р.С.Имаканова, физика пәнінің мұғалімі Д.Б.Лозинский көрсетті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі А.Н.Нурушева, химия пәнінің мұғалімі Л.В.Городецкая «LS – табыстың сыры» коучинг өткізді, онда қысқа уақыт ішінде мұғалімдер Lesson Study атмосферасына енді. Соңында әр семинарға қатысушыларға жұмысты әрі қарай ұйымдастыру мақсатында сауалнамалар берілді.
Жылы, достық қалыппен семинар аяқталды. Шебер-сыныптың аяғында педагогтарға құжаттар бумасы және электрондық форматта ұсыным берілді.
Е.В.Вотинова, білім бөлімінің әдіскері