Бурабай ауданының білім беру ұйымдарының
2023-2024 оқу жылына
оқушылардың оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат
Жаңа 2023-2024 оқу жылында оқулықтардың жаңартылып қайта шығуына орай Бурабай ауданы бойынша баспалардан оқулықтарды жөнелту үрдісі аяқталды. Бүгінгі таңда аудандық білім бөлімі 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін әр оқушыны 100 пайыз қамтамасыз ету үшін жеткілікті оқулықтар жиынтығын сатып алды. Мектептер арасындағы контингенттің өзгеруіне байланысты оқулықтармен алмасу жұмыстары жүргізіледі.Жаңа 2023-2024 жылдарға арналған оқулықтар мен ОӘК-мен қамтамасыз етілу 100% - ды құрайды.
Бурабай ауданы бойынша туындаған барлық сұрақтар бойынша Бурабай ауданының білім беру бөліміне әдіскер Алдабергенова Клара Арынгазиевнаға 87163642793 телефоны бойынша хабарласуға болады