Конкурсты өткізудің басты идеясы 1-7 сынып оқушыларының зертеушілік қабілеттерін қалыптастыру және интеллектуалдық шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Республикалық «Зерде» конкурсына Бурабай ауданы бойынша облыстық конкурстың жүлдегерлері Щучинск қаласының №2 ОМ-нің, №7 МЛ-нің, №9 МГ-ның, Досов атындағы ОМ-нің оқушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша 3-деңгейлі диплом және сыйлықты: Досов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Душкина Виктория;
2-деңгейлі дипломмен және сыйлықпен: Щучинск қ. №2 орта мектебінің
4 сынып оқушысы Коротченко Диана ;
1-деңгейлі дипломмен және сыйлықпен: Щучинск қ. №7 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Нұрмахамбет Нұрасыл, Щучинск қ. №9 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Сейтімхан Кәусар иеленді .
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз. Оқушыларымызға бұдан да әрі шығармашылық табыс тілейміз!
К.Алдабергенова білім бөлімінің әдіскері.