Текст
Златополье орта мектебіне қарасты «Қарлығаш» шағын орталықтың ашылуына 10-жыл толуына орай, «Рухани жаңғыру» аясында « Туған жерім- алтын бесігім» атты шығармашылық аудандық семинар өтті. Семинарда «Гүлдер» ересек тобы, «Солнышко» орыс тілді ересек тобы ашық сабақтар беріп, тәрбиешілерге арналған шеберлік сабағы көрсетілді. Семинар барысында шағын орталық тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында салт- дәстүрлердің бірі « Тұсау кесу» рәсімі мен ұлттық «Асық ату» ойынын көрсетті. Сонымен қатар тәрбиеленушілеріміз ән мен шашу шашып, би мен өнерлерін тарту етті. Іс-шарамыз жақсы көтеріңкі деңгейде мақсатына жетті.