"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГ!

20.10.2022

 Сіздің жасап жатқан еңбегіңіздің қоғам үшін маңызы зор, ол елдің дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етеді Қазіргі өзгермелі және болжамы қиын әлемде Сізден: жаһандық білімділік, мамандық, жауапкершілік, құзыреттілік, ең бастысы, балаларға деген сүйіспеншілік қасиеттері күтіледі. Осы сенімдерге сай болу үшін Сіз еңбек жолына қадам басқан сәттен бастап оның әрбір кезеңінде өзіңізді үнемі дамытып, жетілдіріп отыруыңыз керек. Сондықтан біз «Педагог» жаңа кәсіби стандартын әзірледік, бұл жерге педагог мамандыққа кіріскен сәттен бастап қызмет шыңына жеткенге дейін оның бойында болуы шарт қасиеттер мен ерекшеліктер, оған қойылатын талаптар туралы заманауи түсініктерді енгіздік. Осы стандарт қазақстандық педагогтердің кәсіби даму бағытын нұсқаулыққа айналуы тиіс, өйткені ол педагогтің қандай болуы, нені білуі және жасай алуы және жұмыс орнында не істеуі керек екенін көрсетеді. Кәсіби стандартта педагогті оқытудың барлық негізгі бағыттары, ресурстары және өзін-өзі үнемі дамыту мен әріптестік ортада даму, білім алушылармен жұмыс істеу стратегиялары келтірілген деп үміттенеміз. Стандарт - өте маңызды құжат болып табылатындықтан, педагогикалық білімге және педагогтің кәсіби дамуына қатысы бар барлық тұлғалар осы негізгі мәселелер бойынша біртұтас түсінікке ие болғаны біз үшін маңызды. Сондықтан кәсіби стандарттың мақсаты - педагогтердің кәсібилігі мен сапасын арттыру үшін мектептерді, педагогикалық жоғары оқу орындарын, біліктілікті арттыру ұйымдарын, білім басқармаларын біріктіру. Әрине, сондай-ақ кәсіби стандарт бізге аттестаттау, біліктілік тестін тапсыру кезінде педагогтің еңбегін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Жаңа стандарттың көмегімен қоғамның, ата-аналардың педагогке деген сенімі артады деп үміттенеміз, өйткені олардың педагогикалық жұмыс сапасының нормалары мен өлшемдері туралы нақты түсінігі қалыптасады. Құрметті әріптестер, Сіздерден осы құжатпен танысып, пікірлеріңізбен және ұсыныстарыңызбен бөлісулеріңізді сұраймын. «Педагог» кәсіби стандартын бірлесіп әзірлейік! Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 3 Білім беру 4.0. «Педагог» кәсіптік стандарты Қазақстандық қоғам ұлтты ілгерілетуге бағытталған, қазіргі және келесі ұрпаққа еліміздің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін білімнің маңыздылығын түсінеді. Педагог өз қызметімен ата-аналармен және мемлекетпен сенімді серіктестікте қазақстандық балалардың бүгінгі және болашақ әл-ауқатын анықтайды. Педагогтің кәсіптік стандартын әзірлеу кезінде Қазақстанда білім беру сапасын академиялық және практикалық арттырудағы қазіргі және болашақ қажеттіліктер, білім беру саласындағы заманауи зерттеулер және үздік халықаралық тәжірибе ескерілді.

/public/files/2022/10/20/201022_151328_pedagogicheskii-standartkaz-proekt.pdf

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст