"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Үздік педагог» республикалық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды

12.10.2022

«Үздік педагог» республикалық  конкурсының

аудандық  кезеңінің  қорытындысы  шығарылды

 

      «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес "Үздік педагог"атағын беру бойынша конкурстың аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды Конкурсқа ауданның білім беру ұйымдарының штаттық педагогтары болып табылатын және кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар 21 педагог қатысты. Педагогтердің құжаттарын бағалау үшін аудандық комиссия «Үздік педагог»  атағын беру қағидаларында белгіленген алгоритмге сәйкес қатысушылардың  Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесіне жүктелген құжаттарын бағалады.

       Конкурс  қорытындысы бойынша «Ауданның үздік педагогы» атағы ең көп балл жинаған келесі педагогтарға берілді: Сүлейменова Әсемгүл Тоқтарқызы, Баянбай ауылының жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Литвиненко Зое Николаевна, Зеленый бор ауылының «Ромашка» балабақшасының тәрбиешісі, Ботина Ольга Вячеславовна, Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Сейдахметова Гүлжазира Иманғазықызы, Щучинск қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінің биология мұғалімі, Жылкайдарова Айгүл Сағынбайқызы, Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. Конкурс  қорытындысы бойынша І кезең жеңімпаздарына аудандық комиссия  «Ауданның үздік педагогы» атағын  және куәлік береді. "Үздік педагог"атағын беру бойынша конкурстың екінші кезеңіне өткен жеңімпаздарды құттықтаймыз.

 

Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст