"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Еңбегі ерен жан

31.08.2022

Еңбегі ерен жан

         Мектеп алтын ұя болса, мұғалім - сол мектептің лүпілдеген жүрегі. Ұлы даланың күміс қоңырауы – Ы.Алтынсаринның ұлы жүрегінің соғысы бүгінгі мұғалімнің жүрек әуенімен үндесіп, жас ұрпақтың көңіл толқынын тербегендей. Осы дархан даламызды оятқан күміс қоңырауының үнін бүгінге жеткізіп, жаңаша жаңғыртып отырған ұстаздардың бірі, бірі емес-ау бірегейі әріптесіміз– Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келе жатқан Сапарбекова Балдықыз Мұсақұлқызы.

         Балдықыз Мұсақұлқызыөзінің тәлімі мен тағылымы, ғибраты мен өнегесі арқылы бүгінде жас түлектерді білім нәрімен, мейірім шуағымен нұрландырып келеді. Ол алтын ұя мектепте балапан, балауса ұландарды тәрбиелеп қанаттандыратын, болашақ қырандарды баулитын бапкер де, саясына алатын бағбан да болып табылады.

         "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану жегенді білмейтін батыл жүрек»,-деп ойшыл, дана Әл-Фарабидің айтқаны дәл Балдықыз Мұсақұлқызына арнап айтылғандай.

Ұлағатты ұстаздың алдынан талай шәкірттер, талай жеңімпаздар өнеге алып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде жемісті қызмет атқаруда. Бірі- ұстаз, бірі- журналист, бірі  жоғары оқу орындарында білікті маман иесі болса, бірі мәдениет саласында елге абыройлы қызмет атқаруда.

         Ұстаздың білім саласына сіңірген ерен еңбегінің арқасында қазіргі таңда шәкірттері облыстық,республикалық,халықаралық байқауларының жүлдегерлері атанып, мектеп абыройын асқақтатуда.

Балдықыз Мұсақұлқызы - «Өрлеу» БАҰО АҚ, ПШО, Ш.Уәлиханов  атындағы КМУ, КУАМ мекемелерімен үнемі ғылыми-практикалық конференцияларының белсенді қатысушысы. Оның «Синтаксис сыры», «Жаңартылған білім мазмұны негізінде қазақ тілін оқытуда қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер»,«Абайтану» курсы бағдарламасы, қазақ әдебиеті пәнінен дидактикалық материалдары, «Зерде» Кіші ғылым академиясы курсы бағдарламасы  аудан,облыс,республика көлемінде бірнеше авторлық жобалары мен әдістемелік құралдары таратылған.Ұстаз сан жылғы еңбегінің арқасында, облыстық, республикалық  Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен,Алғыс хаттармен  марапатталған.

25 тамыз күні өткен ұстаздардың облыстық Тамыз конференциясында Балдықыз Мұсақұлқызы  өскелең ұрпақты адамгершілік – рухани бағытта тәрбиелеу жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Мейірім – әлемге махаббатпен»медалімен марапатталды. Осындай қуанышты сәтімен құттықтай отырып, елеулі табыстарға қол жеткізген әріптесіміздің әлі де алар асулары мен биіктері мол  болсын деп тілек  білдіреміз.

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст